Мағынасы: Үйлесімділік, толықтық және өмірдің мәңгілік айналымының белгісі. Кез келген интерьерге жарасатын классикалық таңдау. Ерекшелігі: Дөңгелек пішін «линза» эффектісін жасап, метриканың тереңдігі мен декор бөлшектерін үлкенірек етіп көрсетеді. Алтын поталь қосылған метрикаға өте жақсы келеді.
Стандартты жиынтық:
Баланың есімі
Туған күні
Туған уақыты
Салмағы
Бойы
Баланың суреті
УДЗ (УЗИ) суреті
Базалық декор (жеңіл жарқыл, жылтырақтар, қарапайым поталь)
Эпоксидті шайырдан жасалған метрикаға ішіндегі стандартты заттардан бөлек, жоғарыда көрсетілгендей қосымша ақыға ерекше естелік заттарды қосуға болады.